“Қазгидромет” 2025 жылғы сәуір айына Қазақстан Республикасы бойынша консультативтік ауа райы болжамын жариялады.
Сәуір айында елімізде ауа райы қандай болады?
Фото: istockphoto
825
оқылды

"Қазгидромет" синоптиктері сәуірде жылу одан әрі арта түседі деген болжам жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазақстанның солтүстігінде көпжылдық деректер бойынша сәуір айының бірінші онкүндігінде орташа тәуліктік ауа температурасының 0° арқылы оң мәндерге, ал елдің оңтүстігінде +10°С арқылы тұрақты ауысуы орын алады.

Сәуірдің бірінші онкүндігінде еліміздің солтүстік жартысында түнде жауын-шашын, жаңбыр қарға ұласуы мүмкін, көктайғақ, күндіз жаңбыр болжанады, оңтүстік аймақтарда – жаңбыр, найзағай күтіледі. Сонымен қатар республика бойынша жел 15-20 м/с күшейеді, ал түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болуы ықтимал.

Ауа температурасының ауытқуы болжанады:

елдің батысында түнде +8+13°С-тан -3+8°С-қа дейін, күндіз +18+25°С-тан +11+16°С-қа дейін, оңтүстік-батыста кей күндері күндіз ауа температурасы +20+28°С-қа дейін жоғарылайды;

солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта, шығыста түнде -5+5°С-тан +3+8°С-қа дейін, күндіз +8+13°С-тан +15+22°С-қа дейін;

республиканың оңтүстігінде түнде +2+10°С-тан +10+15°С-қа дейін, күндіз +18+25°С-тан +25+30°С-қа дейін.

республиканың оңтүстік-шығысында түнде -5+5°С-тан +7+12°С-қа дейін, күндіз +12+20°С-тан +18+27°С-қа дейін.

Сәуірдің екінші онкүндігінде еліміздің солтүстік жартысында жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде болуы мүмкін, үшінші онкүндікте негізінен жаңбыр жауады.

Елдің басым бөлігінде ауа температурасының түнде +5+13°С-тан -3+5°С-қа дейін, күндіз +15+25°С-тан +8+13°С-қа дейін ауытқуы күтіледі.

Оңтүстік өңірлерде және республиканың батысында күн +23+32°С дейін жылынады, бірақ кей күндері ауа температурасы +10+18°С дейін салқындайды.

Ескерту: бір айға арналған ауа райының консультативтік болжамы синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай түзетіледі және онкүндік болжамдармен нақтыланады, - делінген Қазгидрометтің арнайы хабарламасында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.