Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.
Қарағандыда студенттер үйі өртеніп, 10 адам зардап шекті
Фото: Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз қызметі
1,129
оқылды

Қарағанды қаласында студенттер тұратын жатақхана өртеніп, 10 адам зардап шекті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

24kz мәліметінше, оқыс оқиға Евней Бөкетов атындағы университеттің студенттер үйінде болған. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазір олардың жағдайы тұрақты.

Қосымша тексеруден кейін амбулаториялық ем-дом жасалады. Ал қызыл жалын толық сөндірілді. Алдын ала мәлімет бойынша төтенше жағдайға қоқыстың жануы себеп болған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.