Бұйрық күшіне енгеннен бастап 10 күннен кейін біліктілік деңгейін растау рәсімін өтуге болады.
Медицина қызметкерлеріне біліктілік алу процесі жеңілдетілді
609
оқылды

Елімізде медицина қызметкерлеріне қатысты «Біліктілік санаттарын беру туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді.

– Құрметті әріптестер! Сіздердің ұсыныстарыңыз бен тілек, ескертулеріңізді ескере отырып, «Біліктілік санаттарын беру туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. 

Біз біліктілік алу процесін жеңілдетіп, қадамдар санын азайттық, – деп жазды министр.

Бұйрықтағы жаңа өзгерістерге сәйкес, медициналық қызметкерлердің келесі санаттары білімін бағалаудан және кейс тестілеуден өтуден босатылады:

  • санаттарының қолданылу мерзімі 2021 жылдың 1 қаңтарынан кейін аяқталған;
  • мерзімі шектеусіз санатқа қайта тіркелгендер;
  • біліктілік деңгейін растауға қатысатын медицина қызметкерлері.

Сонымен қатар, «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша орта білімнен кейінгі немесе жоғары медициналық білімі бар техникалық және кәсіптік білімі бар медицина қызметкерлері үшін бұрынғы жұмыс өтілі ескеріле отырып, біліктілік санаты бойынша баламалы біліктілік деңгейі сақталады. 

Дәрігерлердің қаржылық жүктемесін азайту мақсатында қанағаттанарлықсыз нәтижеге ие болған жағдайда емтиханды бірінші қайта тапсыру тегін болады, ал медбикелердің біліктілігін бағалау құны 17 000 теңгеге дейін төмендетілді.

Осы бұйрық күшіне енгеннен бастап 10 күннен кейін біліктілік деңгейін растау рәсімін өтуге болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.