Бұған дейін ол Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы қызметін атқарған.
Мақсат Мусин Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Аппарат басшысы болып тағайындалды
Фото: gov.kz
1,260
оқылды

Меритократия қағидатына сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Аппарат басшысы лауазымына Мақсат Қабдуғалиұлы Мусин тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz агенттікке сілтеме жасап.

Мақсат Қабдуғалиұлы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. Құқықтану бакалавры және математика магистрі.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде 20 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Еңбек жолын 2005 жылы Агенттіктің Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасында бас маман лауазымынан бастаған.

Әртүрлі жылдары Агенттіктің Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасында бөлім бастығы, Агенттіктің Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу департаментінің басқарма басшысы, Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаменті директорының орынбасары, Заң департаментінің директоры қызметін атқарды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.