Сәбидің жүрегі 10 минут бойы соқпай қалғанымен, реаниматологтар оны қайта тірілткен.
"Жүрегі 10 минут бойы соқпай қалған": Астаналық дәрігерлер алты айлық баланы ажалдан аман алып қалды
Фото: istockphoto
735
оқылды

Астаналық дәрігерлер алты айлық баланы екі мәрте ажалдан арашалап қалды. Сәби шәугімдегі ыстық суға күйіп, жүрегі тоқтап қалған. Қазір ол ауруханада емделіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz КТК арнасына сілтеме жасап.

Әдетте жүрегі тоқтаған науқастың жағдайын қалпына келтіру үшін тек төрт-бес минут уақыт беріледі. Ал сәбидің жүрегі 10 минут бойы соқпай қалғанымен, реаниматологтар оны қайта тірілткен. Жансақтау бөлімінен кейін бірнеше күн бойы баланың өмірі қыл үстінде болған. Бір апта аппарат арқылы тыныстап, күйік терапиясын қабылдаған сәбидің жағдайы қазір тұрақты.

– Алғашқыда тамырын таба алмадық. Соған байланысты жүрегіне адреналин енгізуімізге тура келді. Өйткені шұғыл жағдайда тамырын табу қиын, тамыр соғысы тым баяу болғандықтан осындай шара қабылдауға тура келді, – деді Астана қаласы №2 көпбейінді балалар ауруханасының бөлім меңгерушісі Нұрсұлтан Құрбанбеков.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.