Директорлар кеңесінің төрағасы лауазымына Талғат Дюсеков кеңес мүшелерінің көпшілігінің даусымен сайланды.
Жұбанов университеті директорлар кеңесінің жаңа төрағасы сайланды
1,387
оқылды

«Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ Директорлар кеңесінің жаңа төрағасы тағайындалғаны туралы хабарлады. 

Директорлар кеңесінің төрағасы лауазымына Талғат Дюсеков кеңес мүшелерінің көпшілігінің даусымен сайланды. 

Талғат Дюсековтің әртүрлі салаларда, оның ішінде білім беру, мемлекеттік басқару және бизнесте мол тәжірибесі бар. Бұған дейін коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда қызмет атқарды. Сондай-ақ Еуразия ұлттық университетінің Директорлар кеңесінің мүшесі болған. Қазір қоғамдық қызметке белсенді қатысып, Астанадағы «AMANAT» партиясының қалалық филиалында Экономика және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі кеңестің төрағасы.

Т.Дюсеков әлемнің жетекші университеттерінде білім алған: DOKUZ университеті ( Түркия), Қазақстан Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Тюмень мемлекеттік мұнай-газ университеті (Ресей), сондай-ақ Sussex университеті (Ұлыбритания) мен Yale университеттерінде (АҚШ) біліктілікті арттыру курстарынан өткен.

Талғат Дюсековтің басшылығымен Директорлар кеңесі университеттің мақсаты мен міндетіне сәйкес стратегиялық жұмысын жалғастырады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.