Жалпы ұзындығы 399 шақырым болатын бұл учаске Қызылорда және Ұлытау облыстары арқылы өтеді.
«Қызылорда-Жезқазған» автожолы қайта жаңартылып жатыр
Фото: ҚазАвтоЖол
2,359
оқылды

«Қызылорда-Павлодар-Успенка» дәлізін дамыту аясында «Қызылорда-Жезқазған» автожолын қайта жаңарту жұмыстары жүріп жатыр,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жалпы ұзындығы 399 шақырым болатын бұл учаске Қызылорда және Ұлытау облыстары арқылы өтеді.

Қызылорда облысында қазір жалпы ұзындығы 191 шақырым болатын бес учаскеде белсенді жұмыстар жүргізілуде. Жобаны толық аяқтау 2025 жылға жоспарланған.

Бүгінге дейін атқарылған жұмыстар: 

  • тасқын су кезеңі аяқталды; 
  • жер төсемін салу жұмыстары жалғасуда;
  • негіздің төменгі қабаты төселуде; 
  • нысандар мен көпірлер соғылып жатыр.

Биыл құнарлы топырақ қабатын алу, асфальт жамылғысы бар жер жұмыстарын орындау атқарылып, 2025 жылғы құрылыс маусымына қажетті жол-құрылыс материалдары әзірленеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.