Қожа Ахмет Ясауи атындағы Қазақ-Түрік университетінде «Қазақ тілі – ғылым тілі: жасанды интеллект және терминология» атты II халықаралық симпозиум өтті.
Қазақ тілінің ғылым тілі ретінде дамуы талқыланды
фото: instagram
278
оқылды

Шара барысында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қазақ тілінің ғылым тілі ретінде дамуы мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар қазақ тілінің аясын кеңейту жолдары жасанды интеллект арқылы талқыланды. Симпозиумға Сенат депутаты Дархан Қыдырәлі қатысып, қазақ тілінің болашағы үшін цифрландырудың маңыздылығын атап өтті.

«Бүгінде адамзат цифрлы әлемде өмір сүріп жатыр, сондықтан тілдерді сақтау және қолдану мә­селесі ерекше өзектілікке ие. Бұл қазақ тілі үшін де маңызды, себебі оның цифрлы ортада кеңінен қолданылуы уни­фикацияланған және цифрланған сөздік қорын, тілдік дерекқорды талап етеді. Егер біз цифрлы сөздік қорын қалып­тастыра алсақ, бұл қазақ тіліндегі жа­санды ин­теллектінің жұмыс сапа­сын айтар­лықтай арттырады»,– деп мәлімдеді сенатор.

Симпозиум барысында лингвис­тика, жасанды интеллект және терминология саласындағы жетекші мамандар қазақ тілін қазіргі заманғы технологиялармен интеграциялау мәселелерін талқылап, өз ұсыныс­тарын айтты.

Мейір ЖАСЫН