Өңірде жол-көлік оқиғасын азайту мақсатында облыстық Полиция департаментінің мамандары арнайы бақылау дронын пайдалана бастады, – деп хабарлайды aikyn.kz.
Жетісу полициялары жылдамдықты дронмен тексереді
Фото: интернеттен алынды
265
оқылды

Жетісу облысында бақылау камералары көбейгенімен, жылдамдықты шектен тыс асыра жүретін жүргізушілер саны азаймай тұр. Облыс аумағында 1600-ден астам жағдайда жылдамдық шектемесін бұзу тіркелсе, 2 900 рет көлік жүргізу ережесінің талаптары сақталмаған. 1 300-ден астам жүргізуші көлік тізгіндеу кезінде ұялы телефон пайдаланған. 3 700-ге жуық жағдай жаяу жүргіншілердің жол ережелерін елемеуінен туындаған. 142 адам мас күйінде көлік жүргізу кезінде ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

«Жыл басынан жол-көлік оқиғаларынан 29 адам қаза тауып, 314 тұрғын түрлі деңгейдегі жарақат алған. 763 тұлғаға қорғау нұсқамасы беріліп, 128 азаматқа арнайы шектеулер қойылған. 86 адамға ішімдік ішуге тыйым салынды. Құқық қорғау органдары құқықбұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды күшейтіп, қоғамдық ұйымдармен бірлесе әрекет етуде. Олардың айтуынша, азаматтардың заң тұрғысынан сауаттылығын арттыру арқылы қылмыстың алдын алуға болады», – дейді облыстық ПД жергілікті Полиция басқармасының басшысы, полиция полковнигі Қайсар Мұхметов.

Дрон бақылау желісінің маңыздылығы алыста келе жатқан көліктің жылдамдығын анықтау. Жолбелгіні ескермей жылдамдықты шамадан тыс асырып, көрсетілген тәртіпке бағынбаған көлік иесі тоқтатылады. Оған арнайы ескерту жасалып, айыппұл да салынады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз