Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы Таушкентінің жанында орналасқан ауданы 768 гектар Татыр су айдынында балықтар жаппай өліп қалған. Бұл туралы АШМ Балық шаруашылығы комитеті хабарлайды.
Қостанай облысындағы су айдынында балықтар жаппай қырылып жатыр
Фото: интернеттен алынды
856
оқылды

Жергілікті органдардың деректері бойынша, су айдыны бекітілген және резервтік балық шаруашылығы су айдындарының тізбесіне кірмейді. Татыр көлі Жангелдин ауданы Жаркөл ауылдық округінің аумағында орналасқан, ең жақын елді мекен ‒ Таушауылы.

«Бұл жерге Тобыл-Торғай балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының мамандары мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері барды. Инспекция әкімдікпен бірлесіп, келешекте бітелудің салдарын жою және осындай жағдайларға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайтын болады», ‒ делінген АШМ Балық шаруашылығы комитетінің хабарламасында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз