«Ақтау – түркі әлемінің астанасы» іс-шарасын ұйымдастырушылар жағалауда 100 мыңға жуық көрермен жиналғанын мәлім етті.
Ақтаудағы концертті 100 мыңға жуық көрермен тамашалады
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
576
оқылды

«Бастапқыда дрон операторлары мерекелік тойға 50 мыңға жуық халық жиналған деп болжаса, кейінірек халықтың саны 100 мыңдай болғаны анық көрінді», – делінген хабарламада.

Мерекелік бағдарлама түркі әлемінің ортақ мәдени мұрасын танытқан хореографиялық және вокалдық ұжымдардың өнер көрсетуімен өрбіді. Сахна төрінде Қазақстан мен ТҮРКСОЙ-ға мүше елдердің жұлдыздары: Димаш Құдайберген, Kalifarniya (Қазақстан), Мейірбек Атабеков (Қырғызстан), Роза Зергерлі (Әзербайжан), «Ялла» тобы (Өзбекстан) өнер көрсетті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз