Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөлімдердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталып, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Бүгін елімізде ауа райы қандай болмақ?
Фото: интернеттен алынды
240
оқылды

Еліміздің батысында, таулы аудандарында қатты жаңбыр жауып, шығысында, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Тек республиканың орталығында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

– Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді. Еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл көтеріледі, оңтүстік-батысында бұршақ жауады, шығысында түнде көктайғақ күтіледі. Сонымен қатар солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында, орталығында тұман түседі, – делінген Қазгидрометтің хабарламасында

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз