Шымкент қаласында тұрғын үйлерге жылу беру тоқтатылды.
Жылыту маусымы аяқталды
Фото: istockphoto
2,210
оқылды

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәліметінше, 7 сәуірден бастап Шымкент қаласында ресми түрде жылыту маусымы аяқталды, – деп хабарлайды Аikyn.kz.

Шымкент қаласы әкімінің өкіміне сәйкес, көктем мезгілінің басталуына және ауа райының жылуына байланысты 7 сәуірде жылыту маусымы ресми түрде аяқталатынын хабарлаймыз. Көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бағытында, тұрғындардың өтініштері бойынша тиісті жұмыстар жалғасады. Сыртқы жылыту жүйелерінде жөндеу немесе профилактикалық жұмыстарын жүргізу қажет болған жағдайда Шымкент қаласының Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасына немесе «Қуатжылуорталық-3» МКК-нің диспетчерлік қызметіне хабарласуды ұсынамыз, - делінген хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.