Екібастұз қалалық соты Екібастұз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Д.Куконевке, оның орынбасары Ж.Маймановқа және кәсіпкер Б.Жұмашевқа қатысты үкім шығарды.
Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы сотталды
Фото: istockphoto
334
оқылды

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамда заңдылық пен тәртіп қағидатын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық фактілерінің жолын кесу жөніндегі жұмысты жалғастыруда.

Биыл 31 наурызда Павлодар облысында Екібастұз қалалық соты Екібастұз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Д.Куконевке, оның орынбасары Ж.Маймановқа және кәсіпкер Б.Жұмашевқа қатысты үкім шығарды, – деп хабарлайды Аikyn.kz агенттікке сілтеме жасап.

Куконев пен Майманов Жұмашевтан өзінің кәсіпорнымен мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет көрсету шарттарын жасасқаны, жалпы сомасы 7,4 млн теңгені бірнеше рет пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Сот үкімімен Куконев 7 жыл 6 айға, Майманов пен Жұмашев әрқайсысы 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ олар өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан айырылды.

Сонымен қатар Куконев «азаматтық қорғаныс полковнигі», Майманов «азаматтық қорғаныс майоры» арнайы атағынан айырылды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқықбұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.