Оның 97,8 миллион теңгеге бағаланған мүлкі, соның ішінде 5 автокөлік пен ауыл шаруашылығы қожалығы тәркіленді
Кәсіпкер жер қойнауын заңсыз пайдаланып, мемлекетке 1,1 миллиард теңге шығын келтірген
Видеодан скриншот
1,263
оқылды

ҚМА Ұлытау облыстық департаменті жер қойнауын заңсыз пайдаланып, қылмыстық табысты заңдастырып пайда тапқан жергілікті кәсіпкерге қатысты айыптау үкімін шығарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Күдікті 2020-2023 жылдар аралығында «Шығыс Қаражал» карьерінен марганец рудасын лицензия мен жер қойнауын пайдалану келісімшарты жоқ болған күйде заңсыз өндірген.

Нәтижесінде, алынған руданың көлемі 16 мың тонна болса, ал мемлекетке келген шығын 1,1 миллиард теңгеден асты.

– Қылмыстық табысты заңдастыру мақсатында ол жалған келісімдер жасап, өзіне бақылаудағы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер арқылы өңделген темір-марганец рудасын елімізде және Ресей Федерациясында сатқан. Сауданың нәтижесінде қылмыстық табыс 3,5 миллиард теңгеден асты.

Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Сондай-ақ оның 97,8 миллион теңгеге бағаланған мүлкі, соның ішінде 5 автокөлік пен ауыл шаруашылығы қожалығы тәркіленді, – делінген ақпаратта. 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.