Мекеме директоры мен есепшісі ата-аналар төлеген қаражатты өздерінің жеке шоттарына заңсыз аударып отырған.
Маңғыстау облысында балабақша директоры мен есепшісі қомақты қаржы жымқырған
Фото: istockphoto
2,526
оқылды

Маңғыстау облысына қарасты Бейнеу ауданының прокуратурасы тексеріс барысында «Күйкен» балабақшасында қаржылық заңбұзушылықтарды анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Мекеме директоры мен есепшісі ата-аналар төлеген қаражатты өздерінің жеке шоттарына заңсыз аударып, мемлекетке 12 млн теңгеден астам шығын келтіргені белгілі болды.

Аталған факті бойынша прокурорлар ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

– Сот үкімімен директор кінәлі деп танылып, заңсыз иемденген қаражат сомасының10 еселенген мөлшерінде айыппұл салынды.

Есепші 3,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына тартылды, – делінген ақпаратта. 

Келтірілген залал толық көлемде өтелді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.