Жат жерге аттанған 18 жастағы жігіттер алдарында не күтіп тұрғанын білген жоқ.
«Тәжік-ауған шекарасында ерлік көрсеткен 17 сарбаз»: Жат жерде қиылған ғұмыр (видео)
Фото: видеодан кадр
498
оқылды

1995 жылы 7 сәуірде тәжік-ауған шекарасында 17 қазақстандық қаза тапты, – деп хабарлайды aikyn.kz.

ҚР ІІМ Ұлттық ұланы Бейнестудиясының шығармашылық ұжымы деректі фильм әзірледі, онда шайқасқа қатысушылар қиын уақыттағы естеліктерін бөліскен.

Бұл күн қазбаттықтар үшін әдеттегідей басталды. Жат жерге аттанған 18 жастағы жігіттер алдарында не күтіп тұрғанын білген жоқ. 

«6 сәуір күні маған бұйрық келді. Шатқалға баруымыз керек деген. Ол кезде рота командирі болатынмын. Командир батальоны командирі Лобачев келіп, «Осындай бұйрық бар» деді. Көлік келді, таңғы асымызды ішіп, шығып кеттік», - дейді рота командирі, запастағы полковник Ерлан Алданазаров. 

Осы шайқаста қаза болғаннан кейін бес адам екінші дәрежелі «Айбын» орденімен және он екі адам «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен наградталды.

20 жыл өткеннен кейін Шымкенттегі қалалық саябақта ескерткіш орнатылды. «Ерлікке тағзым» атты кітап жарық көрді. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.