78 жастағы әйел қуаныштан көз жасын тыя алмады және шексіз алғысын жеткізді.
Ресейлік әйел 59 жылдан кейін Астанада анасымен қауышты
Фото: polisia.kz
806
оқылды

Астанада полицей Ресей азаматына 59 жылдан кейін анасын табуға көмектесті. Екі әйелдің өмірін өзгерткен әсерлі кездесуді учаскелік инспектор Бақытжан Сарманов ұйымдастырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Биылғы жылдың наурыз айында полиция пунктінің қызметтік нөміріне 59 жастағы Ресей Федерациясының азаматшасы хабарласып, өз анасын табуға көмек сұраған. Майор Сарманов жан-жақты тексеру жүргізіп, әйелдің туысын анықтай алды.

Уақытты жоғалтпай, әйел әуе билетін сатып алып, жақында Қазақстанға ұшып келді. Полиция қызметкерінің кәсібилігіне тәнті болған ол зор алғысын білдіріп, барлық полицейлердің қызметіне сәттілік тіледі.

Анықталғандай, ол анасын көптеген жыл бойы таба алмай жүрген.

– Мен тіпті адамдарды іздеумен айналысатын телебағдарламаға да жүгіндім, бірақ ешқандай нәтиже болмады. Ал Бақытжан Сарманов менің туыстарымды тауып берді. Шетел азаматы ретінде мен Қазақстан полициясының зейінділігі мен ұқыптылығына таңғалдым, – деді ресейлік әйел.

Анасының өмір жолы бірнеше бөлімнен тұратын драмалық фильмге лайық. Өмірі жайлы әңгімелеп берген 78 жастағы әйел қуаныштан көз жасын тыя алмады және шексіз алғысын жеткізді.

– Бұл офицер менің оқиғама түсіністікпен қарап, шынайы жанашырлық танытты. Ол өз қызметтік борышын жедел әрі адал орындады. Осындай қызметкер үшін алғысымды білдіремін және сіздерге осындай үлгілі полицейлер көп болсын деп тілеймін, – деді қария.

Өз кезегінде Бақытжан Сарманов бұл жай ғана күнделікті қызметім мен міндетім деп есептейді. Оның айтуынша, әр жағдайда полиция қызметкерлері адамдарға көмектесу үшін бар күшін салады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.