Борышкерлер мемлекетке 40 жылжымайтын мүлікті қайтарды.
LRT бойынша мемлекетке 920 миллион теңге қайтарылды
Фото: liter.kz
953
оқылды

Елорда прокуратурасы мемлекет, оның ішінде жалғыз құрылтайшысы Астана қаласының әкімдігі саналатын «City Transportation Systems» ЖШС-нің (бұрынғы «Astana LRT» Компаниясының) пайдасына қатысты сот актілерінің орындалуына талдау жүргізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Қадағалау шараларымен борышкерлер мемлекет балансына жалпы 40 жылжымайтын мүлікті қайтарды, оның ішінде: 

  • 39 тұрғын емес үй-жай;
  • ауданы 12,8 га теміржолдары бар асфальт-бетон зауытының жылжымайтын мүлікке қызмет көрсетудің нысаналы мақсаты болып табылатын жер учаскесі.

Қайтарылған активтердің жалпы құны 920 млн теңге болды. 

Мемлекеттің пайдасына құны 615 млн теңге тұратын тағы 37 мүлік нысаны өндірілуде.  

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.