Ақмола облысында екі жасар қызды басып кеткен көлік жүргізушісі үй қамаққа алынды. Әйел енді бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды Aikyn.kz КТК арнасына сілтеме жасап.
Қайғылы жағдай Қосшы қаласындағы «Лесная поляна» тұрғын үй кешенінің ауласында болған. Енді ғана тәй-тәй басқан балақай үлкендердің қарауынсыз ойнап жүрген. Ол жол үстіне жүгіріп шыққанда көлік таптап өтеді.
Жантүршігерлік сәт бақылау камерасына түсіп қалған. Онда жүргізушінің бұрылыс жасаған сәтінде қараусыз қалған бүлдіршінді басып өткенін анық байқауға болады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.