Еңбек жолын 2004 жылы Астана қаласындағы «ТопЮрАудит КазГЮУ» ЖШС заң кеңесшісі болып бастаған.
Нұрдәулет Төлеев жаңа қызметке тағайындалды
Фото: primeminister.kz
522
оқылды

Қазақстан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен Нұрдәулет Төлеұлы Төлеев ведомство аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

1984 жылы дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық заң университетін, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

Еңбек жолын 2004 жылы Астана қаласындағы «ТопЮрАудит КазГЮУ» ЖШС заң кеңесшісі болып бастаған.

2007-2008 жылдары — ҚР Заңнама институтының ғылыми қызметкері, ҚР Парламенті Мәжіліс Аппараты Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің бас консультанты.

2008 жылдан 2025 жылға дейін ҚР Президенті Әкімшілігінде:  Әкімшілік Басшысы хатшылығының консультанты, ҚР Президенті Кеңсесінің инспекторы, сектор меңгерушісі; ҚР Президенті Әкімшілігі Жалпы бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.