9 мамыр – Жеңіс күніне орай ардагерлерге бірреттік әлеуметтік көмек көрсетіледі, Шымкентте бұл көмек 2 адамды қамтиды, жалпы сома 10 млн теңге.
10 миллион теңгеге бірреттік әлеуметтік көмек көрсетіледі
Фото: gov.kz
268
оқылды

Шымкент қаласында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Жеңіс күніне орай бірреттік әлеуметтік көмек көрсету шаралары жоспарланды, - деп хабарлайды Aikyn.kz Шымкент қаласы  әкімдігіне сілтеме жасап. 

Бұл көмек Шымкент қаласы мәслихатының 2024 жылғы 19 наурыздағы №14/123-VIII шешімі негізінде жүзеге асырылады.

Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген 166 ардагерге 45 АЕК немесе 176 940 теңге көлемінде көмек көрсетіледі. Қаралған жалпы сома - 29,4 млн теңге.

Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектеріне 1272 АЕК немесе 5 001 504 теңге көлемінде қаржылай әлеуметтік көмек аударылады. Бұл көмек 2 адамды қамтиды, жалпы сома 10,0 млн теңге.

Тыл еңбеккерлері мен марапатталмаған ардагерлерге берілетін көмек - 15 АЕК немесе 58 980 теңге. Бұл топта 1586 адам бар, бөлінетін қаражат көлемі - 93,5 млн теңге.

ҰОС мүгедектерінің жесірлеріне 15 АЕК немесе 58 980 теңге қаржылай көмек көрсетіледі. 70 адам, жалпы сома 4,1 млн теңге.

Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына - 15 АЕК немесе 58 980 теңгеден. 170 адам, бөлінетін қаражат - 10,0 млн теңге.
Жалпы алғанда, 1994 адамға мерекеге орай бірреттік әлеуметтік көмек беріледі, жалпы сомасы 147,1 млн теңгені құрайды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.