Мәжілісте «Қазақстан Республикасының Салық кодексінің жобасы жөнінде» заң жобасы талқыланып жатыр.
Жаңа Салық кодексі: қосымша құн салығының шегі қанша болады?
Фото: Мәжілістің Telegram қаналынан алынды
353
оқылды

«Қазақстан Республикасының Салық кодексінің  жобасы жөнінде» заң жобасы жөнінде Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин  баяндама жасады, - деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Үкімет депутаттардың қосымша құн салығы бойынша тіркеу шегін арттыру туралы ұсынысын қабылдады. Жаңа Салық кодексінің жобасында қосымша құн салығының шегі 40 миллион теңге болады. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлім етті.

Айта кетейік, бұған дейін сарапшы  Айбар Олжай  «Жаңа кодекс – салық жүйесіне арналған шок терапия» деген болатын. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.