Оқиға бүгін таңертең Ақмола облысында болған.
Полицейлер бүтін бір отбасын жанып жатқан пәтерден құтқарды
Фото: Polisia.kz
250
оқылды

Ақмола облысында полицейлер бүтін бір отбасын жанып жатқан пәтерден құтқарды, — деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

2025 жылғы 9 сәуірде сағат 6:45-те "102" пультіне Көкшетау қаласы, Центральный шағынауданының №2Б үйінде қатты түтін шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Қоңырау шалушы, көршілерінің бірі, өрт жайлы және шұғыл көмек қажет екенін хабарлады. Оқиға орнына дереу келген "Әскер 5" автопатрулінің патрульдік полиция батальонының қызметкерлері - Дәурен Түкеев пен Есен Сапар екінші қабаттағы пәтерден түтіннің ортасында қалған бес адамнан тұратын отбасын тапты. Жағдайды бағалай отырып, полицейлер бейжай қарамайтын азаматтармен бірлесіп шұғыл эвакуация ұйымдастырды. Анасы түтінді пәтерден 2019, 2022 және 2023 жылы туған үш жас баланы кезекпен жұбайына табыстады, ол төмендегі қабатта терезе торына шығып, оларды полицейлер мен көмекке асыққан қала тұрғындарына тапсырды, - делінген ақпарат көзінің мәліметінде.

Полиция қызметкерлері мен тұрғындардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында барлық отбасы мүшелері, соның ішінде ата-аналар бірнеше минут ішінде сәтті эвакуацияланды. Алдын ала мәліметтер бойынша, өрттің себебі электр сымдарының қысқа тұйықталуы болды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.