Каролина Воштасик фотография әлеміндегі беделді Lucie Award сыйлығының иегері.
АҚШ фотографы Каролина Воштасик құсбегінің фотосуреті үшін халықаралық сыйлықты иеленді
Фото: KazakhTourism
326
оқылды
Биыл АҚШ-тың танымал фотографы Каролина Воштасик алғаш рет Қазақстанда болып, бүркітшілік дәстүрі бойынша түсірілім өткізген болатын. Оның қазақ халқының көне өнеріне арналған жұмыстары Communication Arts Awards of Excellence халықаралық сыйлығын иеленді, – деп хабарлайды Aikyn.kz KazakhTourism-ге сілтеме жасап.
Бұл марапат деректі фотосурет саласындағы жетістіктер үшін берілді. Құсбегілік бойынша түсірілімдер Алматы облысының Күрті ауылында және Іле Алатауының баурайында өткен. Әлем чемпионы атанған бүркітшілер, қыранды баптауға өз өмірін арнаған мамандар шетелдік фотографқа қазақ халқының дәстүрлерін паш етті.
Каролина Воштасик адам мен құс арасындағы ерекше байланыс сәттерін суретке түсірді. Өз жұмыстары арқылы ол тек эстетиканы ғана емес, сонымен бірге ғасырлардан келе жатқан өнердің терең мағынасын да жеткізеді. Халықаралық байқауға ұсынылған фотографтың суреттер сериясы әлемдік аудиторияның Қазақстанның мәдениетіне қызығушылығын оятты.
Бұл түсірілімге қазақ мәдениетін халықаралық деңгейде белсенді түрде дәріптеп жүрген туризм саласының медиа-елшісі және продюсер Надира Ахонова ұйытқы болды.  Атап өткен жөн, Каролина Воштасик фотография әлеміндегі беделді Lucie Award» сыйлығының иегері. Бұл марапат «фотография индустрияның оскары» деп  аталады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.