Шығыс Қазақстан облысындағы таулы Қатонқарағай ауданында әуежай ашылса, ондағы шипажайларға жылына 250 мыңнан астам турист барады.
ШҚО-да салынып жатқан әуежайлар сағатына 150 жолаушыны қабылдай алады
Фото: интернеттен алынды
893
оқылды

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, еліміздің шығысындағы көрікті аймақта заманауи әуежайлардың құрылысы басталды. Ауданы 4 мың шаршы метр болатын жаңа әуежай сағатына 150 жолаушыны қабылдай алады. Сондай-ақ халықаралық бағыттарға да рейстер ашылады.

Зайсан мен Қатонқарағайдағы әуежайларды 1 жыл ішінде салу жоспарланып отыр. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Құрылыс аяқталғаннан кейін әуежайда қызмет көрсетуге жүздеген маман қажет болады. Ал оларды жергілікті білім ордаларында оқыту жоспарланып отыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.