АҚШ президенті Дональд Трамптың жаңа импорттық тарифтер туралы жариялауынан кейін Apple смартфондарының бағасы айтарлықтай қымбаттауы мүмкін.
Қазақстанда iPhone бағасы қымбаттауы мүмкін
Фото: ашық ақпарат көзінен алынды
789
оқылды

Қытайдан импортталатын тауарларға 54 пайыздық баж салығының енгізілуі де әсер етпек. Онда iPhone-дардың басым бөлігі өндірілетіндіктен, құрылғылар бағасы 43%-ға дейін өсуі мүмкін.

iPhone бағалары не болады?

Rosenblatt Securities аналитиктерінің болжамы бойынша, АҚШ нарығында бастапқыда 799 долларға сатылатын iPhone16 моделінің бағасы 1 142 долларға дейін өсуі мүмкін. Яғни, 43%-ға қымбаттайды деген сөз.

iPhone 16 Pro Max, 6,9 дюймдік дисплейі және 1 ТБ жады бар үлгі қазіргі уақытта 1 599 доллар тұрады. Алайда барлық салықтар қолданылған жағдайда, флагмандық модельдің бағасы 2 300 долларға жетуі мүмкін. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.