Қарағандыда қазіргі таңда өсімдік майының бірнеше түрі – күнбағыс, зығыр, соя өндіріле бастады.
Қарағандыда өсімдік майы өндіріле бастады
Фото: istockphoto
603
оқылды

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев еңбек ұжымдарымен кездесулерін жалғастыруда. Аймақ басшысы тамақ өнеркәсібінің жетекші кәсіпорындары – Eurasian Foods компаниясының зауыты мен Қарағанды диірмен комбинатында болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ол өндірісті жаңғырту барысын қарап, жұмыс орындарындағы қызметкерлермен әңгімелесті. Еңбек адамдары облыс әкіміне өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойды. 

Қарағанды диірмен комбинаты май зауытын кеңейтумен айналысуда. Мұнда майлы дақылдарды өңдейтін жаңа желі іске қосылды. Өсімдік майының бірнеше түрі өндіріле бастады: күнбағыс, зығыр, соя.

Кәсіпорын директоры Виктор Фединнің айтуынша, қазір өндіріс айына бір жарым мың тоннаға дейін жеткізілген, ал келешекте екі есеге артуы мүмкін. Отандық шикізатқа, оның ішінде жергілікті шикізатқа бағдар қойылып отыр. Өндірісті кеңейту арқылы қосымша жұмыс орындары ашылуда. Жалпы, кәсіпорында 250 адам еңбек етеді.

– Еңбектеріңіз үшін рахмет! Сіздердің өнімдеріңіз сұранысқа ие. Жергілікті өндірісті қолдауға тырысамыз. Облыс, қала басшылығына сұрақтарыңыз бар екенін түсінеміз. Сіздер тікелей хабарласып, жауап алуларыңыз үшін осы кездесуге арнайы келдім. Бұл есеп беру кездесуі деп есептеңіздер, – деді Ермағанбет Бөлекпаев жұмысшыларға.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.