Осыған орай, Ішкі істер министрлігі бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтіні туралы ресми түрде мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жүргізуші куәліктерін беру және емтихандарды қабылдау қағидаларына сәйкес жүргізуші куәлігін ауыстыру үшін азаматтан келесі құжаттар талап етіледі:
- жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисі арқылы ұсынылатын электрондық құжаттар;
- мемлекеттік баж салығының төленгенін растайтын құжат.
- Куәліктің қолданылу мерзімі өткен жағдайда қосымша медициналық анықтама қажет. Жүргізуші куәлігін ауыстыру кезінде жол жүру ережелері бойынша емтихан тапсыру талап етілмейді.
Сонымен қатар көрінеу жалған ақпарат тарату ҚР заңнамасына сай жауапкершілікке әкеп соғатындығы туралы ескертеміз, – деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Арай Төлегенқызы.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.