Қалалық ТЖД Астанада шаңды дауыл күтілетінін ескертті.
Төтенше жағдайлар департаменті дауыл туралы ескерту жариялады
Фото: gov.kz
284
оқылды

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК деректері бойынша, Астана қаласында 11 сәуірде шаңды дауыл күтіледі. Осыған байланысты елордалық ТЖД ескерту жариялады, - деп хабарлайды  Aikyn.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамынша, оңтүстіктен жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-18 м/с күтіледі.

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті ауа райының өзгеруіне қатысты ақпаратқа назар аударуға шақырады.

Жел күшейген кезде тұрғындар мынадай қауіпсіздік шараларын сақтауы керек:
- өте мұқият болыңыз, әлсіз бекітілген және ескі құрылымдарға, қараусыз қалған ғимараттарға, ағаштарға, электр желілеріне жақындамаңыз;
- егер қатты жел кезінде далада қалсаңыз, жерасты өткелдерінде немесе ғимараттардың подъездерін паналау қажет;
- үйлердің қабырғаларына жақын жерде қатты желден жасырынбаңыз, өйткені шатыр мен өзге де заттар құлауы мүмкін;
- егер шаңды дауыл кезінде далада қалсаңыз көзіңізді матамен, көзілдірікпен, т.б. заттармен бүркемелеңіз.

Ал ұйымдар мен мекемелер өз кезегінде:
- көтергіш-көлік жабдықтарын бекіту, ескірген шатырларды, пеш және желдеткіш құбырларды, билбордтарды, баннерлерді нығайту, шатырларды, балкондарды, лоджияларды бөгде заттардан тазарту;
- витриналарды, терезелерді желден қорғаңыз;
- мекемелер ауа райының нашарлауына байланысты дауылды ескерту жарияланған жағдайда кезекшілікті ұйымдастыру. Сақ болыңыз және төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне қоңырау шалыңыз, - делінген хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.