Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Шымкент қаласына келді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент жұмыс сапары барысында қаланың әлеуметтік-экономикалық даму тынысымен танысады, – делінген Ақорданың хабарламасында.
Бұған дейін, Қасым-Жомарт Тоқаев Ғабит Сыздықбековке қала экономикасын әртараптандыру, қосымша инвестиция тарту, сондай-ақ шағын және орта бизнесті қолдау шараларын күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берген болатын.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.