Жеңіл ақша табамын деген оймен Атырауда кәмелет жасына толмаған жасөспірім 7 жылға сотталып кетті.
«Ақша керек еді» – жеті жылға сотталған жасөспірім өкінішін айтты
Фото: Автордан
2,148
оқылды

Атыраулық полицейлер өміріне өз қолымен балта шапқан жас жігіттің оқиғасын жариялады,  деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі. 

Есірткі мен психотроптық заттарды, олардың аналогтарын таратумен айналысқан ол жазаға кесілген алғашқы екі жылын кәмелетке толмағандарға арналған колонияда өткізді.

«Ол кезде бәрі ауыр болды. Ақша керек еді, салдарын ойламадым. Бұл жол – өте қорқынышты. Мен мұны ешкімге тілемеймін. Әр қадамыңды ой елегінен өткізу керек. Кішкентай қате – өмір бойғы өкінішке айналуы мүмкін», – дейді ол. 

Қазіргі таңда заңнамадағы өзгерістерге байланысты бірінші рет қылмыс жасаған азаматтарға қатысты жазаны жеңілдету мүмкіндігі туып отыр. Ол осы өзгерістерге үміт артып, бостандыққа шығып, оқып, жұмыс істеп, қоғамның толыққанды мүшесіне айналуды қалайды.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА, Атырау облысы

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.