Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент әуежайының жаңа терминалымен танысты.
Президент Шымкент қаласындағы жаңа әуежайға барды
Фото: akorda.kz
488
оқылды

Мемлекет басшысының қаланы дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында салынған әуе айлағының құрылысына жеке инвестор 24 миллиард теңге қаражат жұмсаған, - деп хабарлайды Аikyn.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президентке Қазақстанның оңтүстігінде бірегей авиациялық хаб қалыптастыру өңірдегі әуеқатынасының бағыт санын 17-ден 59-ға дейін ұлғайтуға, сондай-ақ Еуропа мен Азияның бірқатар еліне рейстер ашуға мүмкіндік беретіні жөнінде баяндалды, - делінген хабарламада.