Президент Tulip Hall көпфункционалды кешеніне барды.
Президент Шымкентте жүзеге асырылып жатқан жобалармен танысты
Фото: Ақорда
436
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр маусым айында пайдалануға берілген конгресс-холл ғимаратымен танысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

Президент тапсырмасына сәйкес бой көтерген бұл көрікті нысан бұқаралық мәдени іс-шаралар өткізуге арналған. Сондай-ақ мұнда қолөнершілердің орталығы мен шеберханалары орналасқан.

Мемлекет басшысы Шымкентте жүзеге асырылып жатқан цифрлық шешімдермен танысты.

Олардың қатарында отандық «СМЭУ Астана» әзірлемесіне негізделген бағдаршамдарды интеллектуалдық басқару жүйесі, Avtobys цифрлық платформасы бар.

Sergek Group және Freedom Telecom компанияларымен бірге FWA 5G технологиясы негізінде жұмыс істейтін, жол қозғалысы мен мен қоғамдық тәртіпке үздіксіз мониторинг жүргізетін сыртқы бейнебақылау және жылдамдығы жоғары интернет жүйесі енгізіліп жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.