Қасым-Жомарт Тоқаев №2 Оқушылар сарайына барып, ғимаратты аралады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Заманауи қосымша білім беру орталығында мультимедиа сыныптары, зертханалар, шығармашылық студиялары, коуоркинг аумақтары қарастырылған. Мұнда ерекше қажеттілігі бар балалар да емін-еркін білім алады.
Нысан Президенттің 2022 жылы қалаға келген кезінде берген тапсырмасына сәйкес салынып, пайдалануға берілген.
Бүгінде Оқушылар сарайында 5 мыңға жуық бала алты бағыт бойынша 65 үйірмеге қатысады.
Білім беру бағдарламасы жан-жақты дамыған, жаңаша ойлайтын әрі шығармашылық қабілеті зор тұлға қалыптастыруға бағытталған.
Мемлекет басшысы орталықпен танысып шыққан соң оқушылармен әңгімелесті.