«AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған Сайлауалды бағдарламасы аясында салынған бұл медицина ғимараты Ерейментау ауданының Еңбек, Ақсуат, Еркіншілік ауылдарының 3 мың тұрғынына алғашқы медициналық көмек көрсететін болады.
Амбулатория құрылысына 320 млн теңге бөлініп, бұл қаржы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» мемлекеттік бағдарламасы аясында игерілген. Сонымен қатар аумақты абаттандыруға қосымша 160 млн теңге қаражат жұмсалды. Амбулаторияның ерекшелігі – заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілуінде. Жаңа құрылғылардың қатарында функционалды төсектер, арнайы салмақ өлшейтін таразылар мен электрокардиография (ЭКГ) аппараты бар, олар жүрек-қан тамырлары ауруларын диагностикада айтарлықтай жеңілдетеді.
«Амбулаторияның маңызды бөлімдерінің бірі — ЛФК бөлімі. Мұнда әртүрлі аурулары бар пациенттер үшін жеке жаттығу бағдарламалары ұсынылып, операциялар мен жарақаттардан кейін тезірек қалпына келуге көмектеседі. Енді Еркіншілік тұрғындары тек емделіп қана қоймай, тұрақты тексерулерден өтіп, скринингтер мен медициналық тексерулерді де ауылда өтетін болады», - дейді аурухананың бас дәрігері Марал Сүлейменова.
Аудандық аурухананың бас дәрігері айтқандай, амбулаторияның қызмет аясын кеңейту жоспарланып отыр, сондай-ақ білікті мамандарды тарту көзделген. Бұл медициналық қызмет көрсету сапасын ғана емес, тұрғындардың денсаулығын жақсартуға да үлкен септігін тигізеді.
Енді Еркіншілік тұрғындары тек емделіп қана қоймай, тұрақты тексерулерден өтіп, скринингтер мен медициналық тексерулерді де ауылда өтетін болады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.