Парламент Сенатының де­пу­таттары Қаныш Сәтбаевтың шы­ғармаларының толық жи­на­ғы­ның салтанатты тұсаукесеріне қа­тысты.
Сәтбаевтың 10 томдық шығармалар жинағы жарық көрді
фото: qazaqstan.tv
291
оқылды

Шараға қатысушылар Қаныш Сәт­баевтың 10 томдық ғылыми мұ­расымен танысты. Басылымға 1923-1963 жылдар аралығындағы ғы­­лыми еңбектер, оның ішінде мо­­нографиялар, мақалалар, баян­да­малар, геологиялық барлау есеп­тері, карталар, ғылыми-тех­никалық жобалар және рухани мұ­ра саласындағы жұмыстар ен­ген. Барлық материал хроно­ло­гия және тақырып бойынша жүйе­леніп, заманауи ғылыми жә­­не бас­па стандартына сәйкес жа­сал­ған. Жинақта академиктің ғы­лыми мұрасының ауқымы және оның отандық ғылымның дамуы­на қосқан үлесі жан-жақты қам­тылған.

Парламент Сенаты Төраға­сы­ның орынбасары Жақып Асанов сал­танатты жиын барысында ат­қа­рылған жұмыстың маңызы мен оның болашақ ұрпаққа құнды­лы­ғын атап өтті. Ол Қаныш Сәт­баев­тың есімі ел тарихына алтын әріп­термен жазылғанын айта ке­ліп, оның ғылыми және адам­гер­ші­лік мұрасын кеңінен жария ету – біздің ортақ азаматтық міндетіміз екенін жеткізді.

Алтынбек Нухұлы өз сөзінде ұлт­тық ғылым, тарихи зерде мен ұр­пақтардың рухани сабақ­тас­тығын сақтауда жобаның маңы­зы­на тоқталды. Оның айтуынша, ака­демиктің еңбектері – бұл жай ғана ғылыми мұра емес, жастардың отан­дық ғылымға және оның негі­зін қалаушыларға деген мақтаныш сезімін қалыптастыратын ұлттық кодтың бір бөлігі. 

«Қаныш Сәтбаевтың 10 том­дық шығармалар жинағы – бұл ұлы ғалымның ғылыми жолының көрі­нісі ғана емес, сонымен қатар ұлттық сана-сезімді қалыптас­тыру­ға қосқан маңызды үлесі. Оның әрбір еңбегінде терең ой, стратегиялық көзқарас және өз еліне шексіз берілгендік бар. Бұл жинақ – ғалымдардың жаңа ұрпа­ғына кең көкжиек ашатын, жас­тар­дың ғылымға деген ынта-ықы­ласын арттыратын және болашақ алдындағы жауапкершілік сезімін қа­лыптастыратын білімнің ең құн­ды көзі. Оның мұрасы ғылым­ды одан әрі дамыту үшін берік негіз болып табылады және жас қа­зақ­стандықтарды туған жерін зерт­теуге, ашуға және оған қызмет етуге құлшындырады», – деп атап өт­ті депутат.

Шараға Парламент Сена­ты мен Мәжілісінің депутаттары, Ғылым және жоғары білім ми­нистр­лігінің өкілдері, Қ.Сәт­баев атындағы Қазақ ұлттық тех­ни­калық зерттеу университетінің бас­шылығы, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғылым және білім саласындағы жетекші мамандар қатысты. 

Жоба Ғылым және жоғары бі­лім министрлігінен қолдау тауып, «Халықаралық Сәтбаев қо­ры­ның» атсалысуымен және Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлт­тық техникалық зерттеу универ­си­тетінің басшылығымен жүзеге асып отыр.