Жерасты дүмпуінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 673 шақырым қашықтықта орналасқан.
Жер сілкінісінің әсері Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде – Түркістан, Жамбыл және Шымкент қалаларында байқалды. Қаттылығы 2-3 балл шамасында болған. Мырзакент, Жетісай, Сарыағаш, Шардара, Шымкент, Тараз, Арыс, Абай, Ленгер, Сайрам, Манкент секілді елді мекендерде 3 балға дейінгі дүмпу сезілген. Түркістан, Кентау, Шу, Мойынқұм, Жаңақорған және басқа бірнеше елді мекендерде 2 балдық тербеліс байқалды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат түскен жоқ.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.