400 мыңдай адамға көмектесті
400 мыңдай адамға көмектесті
Фото: Интернеттен алынды
338
оқылды
Қазақстанда 2019 жылы «Самұрық-Қазына» қоры компаниялар тобының атынан қайырымдылық бағыттағы 39 әлеуметтік маңызды жоба жүзеге асырылды. Жалпы, 390 000-нан астам адам қамтылды. 2018 жылмен салыстырғанда қайырымдылық көмек алған қазақстандықтардың саны 40 000-ға артты. Денсаулық сақтау саласында 2019 жылы 4 жоба іске асырылды. «Балаларға өмір сыйла» науқаны аясында ауыр диагноздармен ауыратын 258 бала шетелдік клиникаларда ем алды. БМС диагнозы бар 1 560 бала «Қасиетті жол» оңалту орталықтарында тегін оңалтудан өтті. Емдеу нәтижесінде барлық балаларда денсаулықтарының жақсаруы байқалады. Сонымен қатар, 67 000-нан астам адам медициналық пойыздарда тексеруден өтті. Білім беру және кәсіптік бағдар беру саласында ­– 13 жоба, атап айтқанда: инклюзияны дамыту үшін Нұр-Сұлтан қаласында ресурстық кабинет және орталық ашылды. Бұл «ерекше» балаларға білім беруде тең мүмкіндіктер алуға, қоғамдық өмірге қосылуға, әлеуметтенуге көмектеседі. Сондай-ақ 2 қосымша отбасылық аула клубы ашылды, Жаңаөзен қаласының мектептеріне 3 автобус сатып алынды және өзге де жобалар. Сондай-ақ, 600 жасөспірім «Туған елге саяхат» экскурсиялық жобасына қатысып, еліміздің ең қызықты туристік нысандарын аралады. Оның ішіндегі 500 қатысушы - еліміздің шалғай аудандарында тұратын «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы қызметкерлерінің көп балалы, толық емес отбасыларының балалары. Тағы 100 қатысушы - шетелде тұратын этникалық қазақтардың балалары және шығармашылық байқаудың жеңімпаздары. 7 жоба халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау бағытында іске асырылды. Мәселен, 1 470 ҰОС ардагері мен тыл еңбеккері әлеуметтік-тұрмыстық көмек алды, Жаңаөзен қаласындағы «Алға» мүгедектер клубы спорттық тренажерлармен жабдықталды және тағы басқа. Сонымен қатар, 2019 жылы «Әрекет» әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту жобасын іске асыру жалғастырылды. 2019 жылы оған Қазақстанның 290 коммерциялық емес ұйымы өтінім берді. Іріктеудің бірнеше кезеңдерінен өтіп, 51 КЕҰ-ның 100-ден астам адамы әлеуметтік кәсіпкерлікке оқытудан өтті, оның ішінде 25 КЕҰ жеңімпаз атанды. Оларға 3 млн теңгеге дейінгі көлемде гранттар берілді.
­– Samruk-Kazyna Trust қоры түрлі бағыттарда, соның ішінде денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік кәсіпкерлік, бұқаралық спорт және т.б. жобаларды жүзеге асырады. 2020 жылы дәстүрлі жобаларды – «Медициналық пойыз», «Жас дарындар», «Жеңіс» іске асыруды жалғастыру, сондай-ақ бірқатар жаңа жобаларды іске асыру жоспарлануда», ­– деп атап өтті Samruk-Kazyna Trust қорының бас директоры Дияс Әзбергенов.
Қоса кетейік, Қор Қазақстандағы қайырымдылық бағдарламаларының ең ірі доноры болып табылады. Соңғы 5 жылда қайырымдылыққа 60 миллиард теңгеден астам қаржы бөлініп, 1 миллионнан астам адам қамтылды.    width= Samruk-Kazyna Trust қоры сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдармен, соның ішінде «Дара» ЖҚ, «Мейірімділік» Ерікті қоғамы» ҚҚ, «Замандас 21» ҚҚ, «Қасиетті жол» ҚҚҚ және т.б. ұйымдармен бірлесіп қайырымдылық жобаларды жүзеге асырады. Айта кеткен жөн, «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан қайырымдылық қызметінің бірыңғай операторы Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қоры болып табылады. Samruk-Kazyna Trust қоры халық үшін әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге бағытталған қайырымдылық жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асырады.