Елордалық құтқарушылар балалардың терезеден құлап кетуіне жол бермеу мақсатында профилактикалық жұмыс жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Аikyn.kz
Астана әкімдігінің ресми сайты таратқан мәліметке сәйкес, көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындарына жадынамалар тарата отырып, қауіпсіздік ережелерін хабарлау жұмысы күнделікті негізде жүргізіледі.
ТЖМ ата-аналардан қырағылықты арттыруды және балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.
Оқыс жағдайлардың алдын алудағы негізгі қауіпсіздік ережелері:
- Үйде кішкентай бала болса, терезені ашық қалдырмаңыз;
- Балаларды қараусыз қалдырмаңыз, әсіресе егер олар терезе мен есіктің жанында ойнап отырған болса;
- Қорғаныссыз москит торларын қолданбаңыз. Балалар оған сүйенемін деп құлап кетуі мүмкін;
- Балалар терезені өзі ашуына жол бермеу үшін терезелерге қауіпсіздік құлыптарын (блокаторлар) орнатыңыз;
- Бала терезенің алдына шықпас үшін жиһазды терезеге жақын қоймаңыз.