Туристер қалада жүргенде телефонын жоғалтып алған. 
Қытайдан келген туристер шымкенттік полицейлерге алғыс айтты (видео)
Видеодан скриншот
708
оқылды

Шымкент қалалық Полиция департаментінің Instagram парақшасына шетелдік азаматтардан жүрекжарды алғыс хат келіп түсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Туристер қалада жүргенде телефонын жоғалтып алған. Оқиға туралы білген полицейлер дереу әрекет етіп, смартфонның таксиде қалғанын анықтады. Содан тәртіп сақшылары жолаушыларды жүргізушімен кездестіріп, жоғалған телефонды иесіне қайтарып береді.

Сонымен қатар полицейлер шетелдік қонақтарға қаланың көрікті жерлері жөнінде мағлұмат беріп, бағыт-бағдар көрсеткен.

Полицейлердің жанашырлығы мен шымкенттіктердің қонақжайлылығына риза болған туристер арнайы алғыс видеосын жолдады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.