Дінтанушы ғалымның айтуынша, пенде өз қателігі үшін жын, шайтанға жала жаба берудің қажеті жоқ. Бұл туралы Aikyn.kz Qazaq Airan YouTube арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
«Расында да, дуадан ажырасу жағдайы бар. Болып тұрады. Бірақ халықтың көзі ашық қой. Дуа бар деп қорықсаңыз, күмәндансаңыз дем салдырыңыз. Аурудың қайтуы қиын. Дуаны қайтару оп-оңай. Үш-бес рет дем салса, дуа қалмайды. ...Адамдар жауапкершілікті өзгеге артуға бейім. Жастардың арасында ажырасудың себебі, шыдамсыздық. Денсаулығы әлсіз, жүйкесі жұқарған. Телефонға телміріп, шынайы өмірден алшақтап кеткендер, еңбек тәрбиесін көрмегендер өте көп. Еңбек арқылы шынықпаған соң, шымыр болмайсың. Баласының басынан құс ұшырмай өсіремін... деп шынайы өмірден алыстап кететіндер де бар. Көп жағдайда шыдамсыздық отбасының шырқын бұзады. Осындай кезеңде ата-ана, ағайын-туыстың қолдауы қажет-ақ», – дейді дінтанушы.
Сұхбаттың толық нұсқасын мына сілтемеден көре аласыз: