Алматы облысы Полиция департаментінің жедел қызметкерлері ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, 1 сәуір күні Қарасай ауданаралық мамандандырылған қылмыстық сотының аумағынан қашып кеткен күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Күдікті Ақши ауылында ұсталған.
Іздестіру шаралары басталған сәттен облыстың полициясы және Ұлттық ұлан күштері толық жұмылдырылды. Көршілес облыстардың аумақтық бөлімшелері де іздеу жұмыстарын жүргізді.
Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде қашқынның қозғалу бағыты анықталып, полицейлер оның жасырынған жерін тапты. Күдікті құрықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Негізгі қылмысынан бөлек, оған қамаудан қашқаны үшін Қылмыстық кодекстің тиісті бабы бойынша қосымша айып тағылды.