Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ақпаратты бір ресурста жүйелеуге арналған.
Қазақстанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жария портал құрылды
Фото: istockphoto
354
оқылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жария порталды іске қосты, – деп хабарлайды Аikyn.kz агенттікке сілтеме жасап.

Порталда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралармен кез келген адам таныса алады. Сондай-ақ порталды пайдаланушылар өздерін қызықтыратын, онлайн тестілеу және сертификат алу мүмкіндігі бар оқу курстарын таба алады. Әлеуметтанулық зерттеулерге ерекше көңіл бөлінеді. Сауалнамадан өту мүмкіндігі көзделген. Оның нәтижелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды түзету және олардың тиімділігін бағалау үшін пайдаланылатын болады.

Сондай-ақ мұнда Transparency International халықаралық ұйымының жыл сайынғы зерттеу нәтижелері және сыбайлас жемқорлықты жүйелеу индексіндегі Қазақстанның позициясы қолжетімді. Профилактикалық жұмысты күшейту мақсатында, бұл ресурста «Сыбайлас жемқорлық картограммасы» қамтылған, онда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жататын лауазымдар тізімі және мемлекеттік органдар мен өңірлер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы қамтылған.

Жұмыс жасап жүрген волонтерлер мен ұйымдар туралы ақпарат беретін волонтерлік қызметке арналған бөлім сондай-ақ порталдың маңызды элементі болып табылады. Ниет білдірушілер ерікті ретінде кандидатураны қарау үшін сауалнама жолдай алады.

Сонымен қатар, порталда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, лайықты мінез-құлықты тәрбиелеуге және қоғамда «Заң мен Тәртіп» идеологиясын қалыптастыруға бағытталған бейнероликтер орналастырылған. Бұл ресурста сондай-ақ сыбайлас жемқорлық туралы хабарлауға да мүмкіндік бар. Агенттік барлығын сыбайлас жемқорлыққа қарсы порталға кіруге шақырады. Ол тұрақты түрде өзекті ақпаратпен толықтырылатын болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.