Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.
Қазақстанда табиғи өрттердің алдын алу шаралары күшейтілді
Фото: gov.kz
475
оқылды

2025 жылғы 16 сәуірде Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде 2025 жылғы өрт қауіпті маусымға дайындық бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы брифинг өтті, – деп хабарлайды Аikyn.kz. ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Ерлан Төрегелдиев хабарлағандай, ТЖМ өрт қауіпті кезеңінің басталуымен әкімдіктермен және басқа да уәкілетті органдармен бірлесіп табиғи өрттердің алдын алу және халықты қорғау жұмысын жандандырды.

Экология министрлігімен бірлесіп ведомствоаралық жоспар бекітілді, шекаралас мемлекеттермен өзара іс-қимылды қоса алғанда, ден қою алгоритмдеріне түзетулер енгізілді. Бүгінде  34 табиғи өрт пен 405 құрғақ шөп өрті тіркелді. Негізгі себептер адам факторы болып қала береді – шөпті рұқсатсыз жағу және отты абайсыз пайдалану. Полиция мен жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен күнделікті рейдтер мен патрульдеу ұйымдастырылды. Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзған 475 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Халыққа түсіндіру жұмыстары, мектептерде қауіпсіздік сабақтары және басқа да акциялар өткізіледі.

ТЖМ Командалық орталығында тәулік бойы жедел топ жұмыс істейді. «Орман», «Табиғат» ақпараттық жүйелерінің, бейнебақылау, космомониторинг және ТЖ ГАЖ көмегімен өрт ошақтарына мониторинг жүргізуге және ерте анықтауға ерекше назар аударылады. Орман алқаптары бар өңірлерде ТЖМ әуекемелері мен табиғат қорғау ведомстволарының кезекшілігі ұйымдастырылды. Пилотсыз ұшу аппараттары белсенді пайдаланылады, күн сайын әуеден шолып қарау жүргізіледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.