Нұр-Сұлтан суға кетпесін
Елімізде 16 наурыздан бастап 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жарияланды. Барлық ірі сауда орталығындағы ойын-сауықтар тұтастай жұмысын тоқтатты.
[caption id="attachment_28328" align="alignnone" width="1024"] © Айтжан Мұрзанов[/caption]
Қоғамдық көліктерде, көшеде адамдардың толассыз жүрісі тоқтатылды. Тіпті, қала ішінде үйіліп жатқан қардың еріп, көшелерін су басып жатқанына да назар аударар ешкім жоқ секілді.
Қаладағы бір көшелер су астында қалып жатса, енді бірін әкімшілік жөндеуге жауып тастап жатыр. Мынау су басып жатқан көше - Елубек Тойбеков көшесі.
Әлеуметтік желіде бұл жағдай қала тұрғындары арасында қызу талқылануда. Тіпті, видеосын түсіріп жіберген.
[embed]https://youtu.be/M3RmrfAFokU[/embed]
Видеоны түсіруші бұл жағдайдың жылда қайталанатынын жасырмады. Енді, сол жақ жағалаудан Тәуелсіздік даңғылына бару үшін Қалдаяқов көшесімен жүру керек болады.
Ал көпірден түсерде Нәжімеденов көшесіне қарай сол қанатқа бұрылыс мүлдем жабылған.
Үлкен көшелердің кейпі былай тұрсын, аула іші тіптен суға батып жатыр. Бұған жауап беретін коммуналдық қызмет қауқарсыз. Себебі, олар қала ішінде тау болып үйіліп тұрған қарды әлі шығаруда.
Көшедегі қар тұрмақ, еріген су ағып кететін арықтар тазаланбай, су қазірдің өзінде үйлердің астына кетіп жатыр. Мәселен, Түркістан мен Сығанақ көшелерінің халі мынау. Ал суды кешіп жүрген балаларға қызық керек.
Түркістан мен Алматы көшелері де мәз емес. Не суды басып, не көк мұздан сырғанап өтесің. Коммуналдық қызмет өкілдері де де бұл сұраққа жауап беруден қашып отыр.
Қала тұрғындары болса "Қала әкімдігі түк бітірмеді", "Коммуналдық қызмет құр ақша сорғаннан басқа ештеңе істемейді", "Аяққа керзі етік киіп, қайықпен жүзу қалды" деген пікірлерін айтып, реніштерін жасырар емес.