Техникалық қарасораны қайта өңдеу мәселелерімен Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі айналысады.
Елімізде техникалық қарасораны өсіруге рұқсат берілуі мүмкін
848
оқылды

Қазақстанда техникалық қарасора өсімдігін өндірістік мақсатта өсіруге рұқсат етілуі мүмкін, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ел экономикасын дамыту және отандық әрі шетелдік инвесторларды тарту мақсатымен заң жобасында өндірістік мақсатта өсіруге рұқсат етілетін каннабис (қарасора) өсімдігінің сорттарын заң жүзінде реттеу ұсынылды.

Уәкілетті мемлекеттік орган – Ауыл шаруашылығы министрлігі қарасора өсімдігіндегі тетрагидроканнабинол (есірткілік қосылыс) мөлшерінің шекті деңгейін анықтайтын болады. Болжам бойынша оның мөлшері 0,3%-ға дейін болуы мүмкін. 

Техникалық қарасораны қайта өңдеу мәселелерімен Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі айналысады.