Мемлекет басшысы Ерлан Тұрғымбаевқа тапсырма берді
Мемлекет басшысы Ерлан Тұрғымбаевқа тапсырма берді
© Ақорда
258
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың есебін тыңдады, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Төтенше жағдай режимін қолдауға бағытталған шаралар жайында баяндалды.
Ішкі істер органдарының жеке құрамы ел азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қоғамдық тәртіпті сақтау үшін жұмылдырылған.
Президент азаматтарымыздың құқығына құрметпен қарай отырып, қоғамдық орындарда тәртіптің сақталуы маңызды екенін атап өтті. Мемлекет басшысы министрге ішкі істер органдарындағы ақпараттық жүйені цифрландыру және жетілдіру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.