Қылмыстық іс 62 томнан тұрады.
Шерзат Полат ісі бойынша басты сот отырысы өтіп жатыр
видеодан скрин
1,294
оқылды

Бүгін Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Шерзат Полаттың өліміне қатысты басты сот процесі басталды, 16 жастағы жасөспірімнің қазасына себеп болған оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырған еді, – деп хабарлайды Аikyn.kz сайты.

Тергеу барысында айыпталушыларға бірнеше бап бойынша айып тағылды. Прокурор сотта қайғылы оқиғаның толық хронологиясын баяндап берді.

2024 жылдың 4 қазанында болған төбелес салдарынан Шерзат көз жұмған. Бұл жағдай жергілікті тұрғындардың наразылығына ұласқан болатын.

2024 жылдың 12 қазанында қаралы отбасының үйі өртке оранып, Алматы облысының полициясы бұл іске «бөтен мүлікті қасақана жою» бабы бойынша тергеу бастаған.

Осыдан кейін, желтоқсан айында Шерзаттың ағасының Талғар маңынан мәйіті табылды. Қазір тергеу барысында 40 сот сараптамасы жүргізіліп, 200-ге жуық куәгерден жауап алынған.

Сот отырысын Жоғары соттың ресми YouTube арнасынан тікелей эфирде көруге мүмкіндік бар.