Елордада ірі сауда үйіне келушілер саны 47% қысқарған
Елордада ірі сауда үйіне келушілер саны 47%  қысқарған
© сурет интернеттен алынды
5,268
оқылды
Нұр-Сұлтандағы MEGA Silk Way сауда үйінде Happylon, KANGO, EVRIKUM секілді балаларға арналған ойын-сауық орындары ғана жабық. Қалған бутиктер мен дүкендер таңғы сағат 10.00-ден кешкі 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Бұл туралы сауда үйінің директоры Қанат Туребаев мәлім етті, - деп жазады azattyq-ruhy.
«Біз карантиннің әсірінен келушілер саны қатты азайғанын байқадық. Біздің есеп бойынша, олар 47-48%-ға қысқарған, яғни келушілердің жартысына жуығынан айырылдық», - деді ол.
Сауда үйі жаңа кестеге байланысты электр қуатын үнемдеу режиміне көшкен. Осылайша, коммуналдық төлем қысқарады деп есептейді.
«Жалға алушылармен келісіп, жалдау бағасын азайту туралы өзара сөйлесеміз. Нақты қандай жеңілдік болатынын қазір айта алмаймын», - деді дүкен директоры.
Оның сөзінше, MEGA Silk Way-де сауда нүктелерін 308 кәсіпкер жалға алып отыр. Жалпы, ғимартта 10 мыңдай адам жұмыс істейді. Бұл жерге айына шамамен, 1 млн 100 мың адам келеді.